Skip to content

Жан дүниеміз жарқын болсын!

“Жан дүниеміз жарқын болсын!” педагогикалық-психологиялық онкүндігінің ашылу шарасы

Бүгін мектебімізде оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, өз-өзіне сенімділігін арттыру, сондай-ақ мейірімділік, ізгілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шара өтті.

Іс-шараны мектеп психологтары ұйымдастырып, оқушыларға әсерлі әрі мағыналы “Бойтұмар!” жаттығуын өткізді. Әр оқушыға бойтұмар-білезік таратылып, олар өз достарына жүректен шыққан жақсы тілек айтып, әр жіпті білезікке тағу арқылы мейірім мен бірлікті білдірді.

Бұл жаттығу оқушыларға жылы сөздің, достық пен қолдаудың маңызын сезіндіріп,жағымды атмосфераны нығайтуға ықпал етті.

💛 Жүректерде мейірім көбейсе — мектепте де, қоғамда да жарық көбейеді!

https://www.instagram.com/p/DSCr0sAjSOI

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *