Мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлттық ұлан академиясының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға әскери қызметтің маңызы мен артықшылықтары туралы ақпарат беру, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету.
Кездесу барысында академия мамандары Ұлттық ұланның қызметі, әскери мамандықтардың ерекшеліктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, академияға түсу шарттары, оқу бағдарламалары және болашақ әскери қызметтің мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат ұсынылды.
Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, әскери өмірге қатысты өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында болашақта Отан қорғаушы болуды армандайтын жастарға пайдалы кеңестер беріліп, мотивациялық әңгімелер айтылды.
Бұл шара оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, болашақ мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.