Түпқараған ауданы білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің мамандары және аудан профориентологтарының қатысуымен кездесу өтті.
🔹 Кездесу барысында:
✅ Кәсіптік бағдарлау жұмысына енгізілетін жаңашылдықтар талқыланды;
✅ Алдағы жылға жоспарға қандай өзгерістер енгізуге болатыны қарастырылды;
✅ Профориентация саласында кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары сөз болды.
Бұл кездесу оқушыларды кәсіби бағытта дұрыс бағдарлауға, оларға еңбек нарығының талаптарына сай келетін мамандықтарды таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.
📌 Алдағы уақытта Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түрлі іс-шаралар, кездесулер, кәсіптік сынамалар және ақпараттық жұмыстар жалғасады.
💡 Кәсіптік бағдар – табысты болашақтың кепілі! 🚀