Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы – мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамына және мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Осы негізде мектептің жаңа Президенттігіне үміткерлердің өздерінің ұсынудағы мақсаты және алда атқаратын жұмыстары жайлы таныстырылым жасалды. Сайлау нәтижесінде 10”А” сыныбының дарынды оқушысы Құрамыс Данияр басымдықпен алға шығып, ұйымның Президенті сайланды.
Құрамыс Данияр бастаған Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, жауапты және тәртіпті, мектебімізде белсенді жұмыстар атқарады деп толық сенеміз!✨