Skip to content

«Профи TIME» атты ЖОО-мен кездесу өткізілді

2024 жылдың 26 қаңтарында кәсіби бағдар жұмысын арттыру және мамандықтар әлеміне саяхат жасау үшін мектебіміздің 10-11 сыныптарына Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Профи TIME» атты ЖОО-мен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына университет ректорының 100 білім гранты мен жеңілдіктері, «Менің таңдауым – YU» атты Startup байқауының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттегі педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша мамандықтар жөнінде оқушыларымызға толық ақпарат берілді. Бұл кездесу арқылы оқушыларымыз болашақ мамандықтарын және жоғары оқу орындарын таңдауы барысында көптеген маңызды ақпарат алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *