Skip to content

Оқушымен жұмыс

Мектебіміздің психолог мамандары Абатова Алима және Туметова Гүлсара 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне Керн Йерасек тестін жүргізді.
Мақсаты:
Оқушылардың психо-эмоционалдық көңіл-күйін, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын, зейінін шоғырландыруын, үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігін диагностикалау.

Міндеттері:
🔺Мектепке келгендегі оқу қабілетін зерттеу;
🔺Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау;
🔺“Үлгі бойынша суретті сал”, «Нүктелерді жалғастыр» әдістемелері арқылы балалардың таным процесін зерделеу;
🔺Оқушының үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігі, құрбыларымен қарым-қатынасына бақылау жасау.
Осы міндеттерді негізге ала отырып оқушылардың зейінін тұрақтандыру мақсатында нейро жаттығулар жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/DBO9Q0_slB0

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *