Мектебімізде ағымдағы жылдың 13-ші қаңтарында 3-4 сынып оқушылары арасында “Менің болашақ мамандығым” атты қызықты сұхбат ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолында ой салу, олардың арман-мақсаттарын анықтауға көмектесу.
Сұхбат барысында оқушылар өздерінің болашақ мамандығы туралы айтып, неліктен дәл сол кәсіпті таңдағанын түсіндірді. Балалар мұғалім, жаттықтырушы, әнші , аспаз, спортшы сияқты түрлі мамандықтарды атап, олардың қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Әр оқушы өз таңдауын шығармашылық тұрғыдан жеткізіп, кейбірі тіпті болашақ жұмыс орнын қалай елестететінін сипаттады.
Бұл сұхбат оқушылардың өз болашағына сенімді қарауына, еңбекқорлық пен мақсатқа жету жолындағы жауапкершілікті сезінуіне ықпал етті. Осындай іс-шаралар балалардың тұлғалық дамуына және кәсіби бағдар алуына үлкен септігін тигізеді.