Skip to content

«Менің болашақ мамандығым» эссе жазу сайысы

2024 жылдың желтоқсан айында мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген көзқарасын анықтау, арман-мақсаттарын жазбаша түрде еркін жеткізуге үйрету, сондай-ақ оларды саналы түрде мамандық таңдауға ынталандыру.
Эссе барысында оқушылар өздерінің болашақ мамандықтарын таңдаудағы себептері мен сол кәсіптің қоғамға тигізер пайдасын ерекше атап өтті. Олардың таңдаған мамандықтары әртүрлі: мұғалім, дәрігер, инженер, заңгер, кәсіпкер, ІТ маманы және шығармашылық салаларда қызмет етуді армандайтындар көп болды. Әр оқушы өз ойын нақты, әсерлі және шығармашылықпен жеткізе білді.
Бұл шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуға және мамандық таңдауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Мектеп ұжымы эссе жазу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *