Talimger жобасының айлық жоспарына сәйкес «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарға арналған семинар өткізілді.
📌 Семинардың мақсаты — оқушыларға кәсіби бағдар беру, ата-аналармен серіктестік байланыс орнату және Talimger жобасының мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат ұсыну.
🔹 Іс-шараға:
50-ге жуық ата-ана,
53 мектеп түлегі,
20-дан астам мектеп мұғалімі қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға Talimger жобасының мазмұны, алдағы жоспарлары мен оқушыларға беретін мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы негізгі қадамдар мен бағыттар жайлы жан-жақты мәлімет беріліп, ата-аналар мен оқушылар арасында ашық пікір алмасу өтті.
🎯 Шара соңында қатысушылар мамандық әлеміне жаңа көзқараспен қарап, маңызды ақпараттармен қаруланып, болашақ таңдауына сенімді болуға мүмкіндік алды.
