2024 жылдың 12 қаңтарында «Мектептің түлегі – мектебінің тарихы» атты мектебіміздің үшінші түлектерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу 11-10 сыныптардың оқушыларына мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы, ҰБТ-ға дайындық, студенттік өмірмен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу кешіне мектебіміздің директоры Рахиева Айжан Оңайбайқызы және 20-дан астам пән мұғалімдері, 70 оқушы қатысты. Кездесуге келген студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз кеңестерін берді. Түлектеріміздің көбі Алматы қаласы ALT Логистика және көлік академиясы, Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқуда. Кеш барысында түлектер өмірде қол жеткізген мақсат-мұраттарымен бөлісіп, ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар студенттерге «ҰБТ-ға қалай дайындалу керек? Оқуға түскеннен кейін не істеу керек?» сынды сұрақтар қойып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Кеш соңында ән мен жырдан шашу шашылып, ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп келе жатқан мұғалімдеріне түлектер ілтипаттарын білдіріп, оқушылар мен студенттердің бір-біріне жылы лебізімен аяқталды.
Сонымен қатар кездесу кешінде бірінші жарты жылдық көрсеткіші бойынша облыстық және мектепішілік сынама тест нәтижесінің үздік 11-сынып оқушылары марапатталды.

