Мектебімізде 2025-2026 оқу жылына арналған “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының құрылымын қалыптастыру және жұмысын жүйелі ұйымдастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ұйымның мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі таныстырылып, белсенді оқушылар қатарынан үміткерлерді іріктеу басталды.