Skip to content

«Маңызды мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел

Мектебімізде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Маңызды мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру, кәсіби бағдар беру және олардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу.

🔹 Іс-шара барысында оқушылар мамандықтардың маңыздылығы, еңбек нарығындағы жаңа бағыттар, жоғары оқу орындары мен колледждер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен болашақтағы жоспарлары туралы ой бөлісті.

🔹 Дөңгелек үстел еркін пікірталас форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар мамандық таңдау жауапкершілігі мен оның болашаққа әсері туралы маңызды қорытынды жасады.

Бұл шара оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімділігін арттырды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *