Тарихым тілімменен күн кешеді,
Өткенім бүгінгімен үндеседі.
Тіліммен байланысты туған тарих
Тарихым мен тілімді кім кеседі?
Гимназиямызда гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен “Мәңгілік ел – мәртебелі тіл” атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.
Апталықтың ашылу бағдарламасы аясында тіл мен тарихтың маңызы жайында мәлімет беріліп, оқушылар атынан тақырыпқа байланысты әсем ән шырқалып, күй шертіліп, мың бұралған бишілеріміз көркем билерімен тәнті етті. Сонымен қатар көрермендер арасында аталған тақырыпқа қатысты танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап айдары жүргізілді.