Skip to content

«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында кездесу өтті

2024 жылдың 10 ақпанында Recruiting and admissions департаментінің және Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің өкілі Омарбек Көшкімбайұлымен біздің мектептің 11-сынып оқушыларының арасында «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің материалдық-техникалық базасы, халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға және білікті кадрлар даярлауға қабілетті ірі білім беру және ғылыми мекемелердің бірі екені туралы ақпарат берілді. Университеттің стратегиялық жоспары оны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда танылған әлемдік беделі бар жетекші жоғары оқу орнына айналдыруды көздейтінін атап өтті. Оқушылар университеттің жұмысы, мамандықтары, студенттік өмірі туралы ақпарат алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *