«Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспары аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар марафоны» атты танымдық лекциялар ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, оқушыларға болашақ кәсіп таңдауда бағыт-бағдар беру.
Лекция барысында оқушылар түрлі жұмысшы мамандықтарымен танысып, олардың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақ мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат алды.
🔹 Кәсіп таңдау – болашаққа қадам!
🔹 Жұмысшы мамандықтары – қоғамның негізі!
Осындай шаралар оқушылардың кәсіптік бағдар алуына және өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес дұрыс таңдау жасауына көмектеседі.