Skip to content

Мамандықтар әлемі қызықты ойын өткізілді

Мектебімізде 2-сынып оқушыларына ерте жастан кәсіби бағдар беру мақсатында “Мамандықтар әлемі” атты қызықты ойын өткізілді.
Іс-шара барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың ерекшеліктерін зерттеді. Ойын форматында өткен сабақта оқушылар мамандықтарға қатысты құрал-жабдықтарды сәйкестендіріп, рөлдік ойындарға қатысты. Мұғалімдер мен ұйымдастырушылар балалардың қызығушылық танытып, белсенділік танытқанын атап өтті.
Бұл ойын оқушылардың болашаққа деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген құрметін қалыптастыруға бағытталған. Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға және мамандық таңдауға ерте бастан бағдар беруге көмектеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *