Мектебімізде құқықбұзушылықтың, бопсалау әрекеттерінің алдын алу мақсатында оқушыларға арнайы жиналыс ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, тәрбиелік мәні бар нормалар, мектеп тәртібі және оны бұзушылықтың салдары туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасы,олардың арасында туындайтын келеңсіз жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды.