Skip to content

Кездесу

Мектебімізде Түпқараған АПБ ЖПҚб ЮПТ полиция аға лейтенанты Ж.Қ.Момынов және мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.П.Молдагалиеваның қатысуымен 7-10 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикасы, электронды темекінің зияны, оны мектепте және қоғамдық орындарда пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі, әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатқан зиянды ойын түрлері және одан аулақ болу жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүрізілді.

Сонымен қатар білім алушыларға түнде ата-ананың немесе заңды өкілінің қадағалауынсыз көшеде жүрмеу, топтық төбелеске қатыспау және қатысқан жағдайда құқықтық жауапкершілікке алынатыны қатаң түрде ескертілді.

https://www.instagram.com/p/DA7ijztsCjv/?img_index=1

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *