Skip to content

“Kettik_study_Poland”

2024 жылдың қараша айында мектебімізде “Kettik_study_Poland” компаниясының өкілдерімен шетелдік ЖОО-ға түсу жолдары туралы кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысып, Польша елінің колледждері мен университеттеріне түсу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.
Шара барысында жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша шетелде білім алудың артықшылықтары талқыланды. “Kettik_study_Poland ” өкілдері оқушыларға оқу бағдарламалары, құжаттарды дайындау, гранттық мүмкіндіктер және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Бұл кездесу оқушылардың шетелде білім алу мүмкіндіктерін зерттеуге деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ кәсіби жоспарларын айқындауға септігін тигізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *