2024 жылдың 13-ші қыркүйек күні «Zoom» платформасы арқылы Шекара КНБ Академиясында оқып, қызмет етуге қызығушылықты арттыру мақсатында кәсіби бағыт беру сабағы ұйымдастырылады.
Сабақ барысында оқушылар мен ата-аналарға академияға түсу процесі мен талаптары, оқуға дайындық кезеңдері мен емтихан форматтарын түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты 3 дәрежелі капитан Рысбеков Болысбек Маханбетович түсіндірме жұмысын жүргізді. Сабаққа 28-ден астам ата-ана мен 11 мектеп оқушысы қатысты. Оқу бағдарламалары мен мамандықтар, білім деңгейі мен денсаулық талаптары, таңдау пәндері мен тест форматы, құжаттар тізімі, дайындық әдістері секілді пайдалы кеңестер берілді. Дайындық бойынша нақты жоспарлар мен ұсыныстар жасалды. Оқушылар мен ата-аналар академияға түсу бойынша қажетті ақпаратты алды.
Сонымен қатар оқушылар мамандық таңдау бойынша ойларындағы сұрақтарын қойып, арнайы маманнан толық ақпарат алды.
Қатысушыларға Шекара КНБ Академиясына оқуға түсудің барлық аспектілерін түсінуге көмектесті және оқу процесін табысты аяқтау үшін қажетті дайындықты бастауға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
