Skip to content

Грант конкурсы 2022-2023

2022-2023 оқу жылында мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан 21 түлектің 16-сы мемлекеттік грантқа өтініш тапсырған болатын. 13 түлегіміз мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде 9 түлек жалпы грант, 4 түлек нысаналы грант атанды. Сонымен қатар 1 түлегіміз әкімдік грант иегері атанса, 1 түлегіміз оқу орнына барып, тест тапсырып, 100 баллмен ІІМ академиясының ішкі грантын иеленді. Оқу жылын қорытындылай келе 15 оқушымыз грант иегері атанды.

🎓 Нәтижелер:
✅ Жалпы түлек саны – 21
✅ Грантқа түскендер – 15
✅ Жоғары оқу орындарына түскендер – 21
✅ Колледжге түскендер – 0

✅ Жалпы грант – 9
✅ Нысаналы грант – 4
✅ Әкімдік грант – 1
✅ Ішкі грант – 1

🔹 Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының маңызы
Мектепте кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледж өкілдерімен кездесулер, мамандықтар туралы ақпараттық сағаттар, жеке кеңестер ұйымдастырылды. Түлектерге мамандық таңдауда қолдау көрсетіліп, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

📢 Қорытынды:
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде түлектердің басым бөлігі жоғары білім алуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта мектеп бітіруші сынып оқушыларымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *