СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!✨
🔰Гимназиялық оқушы республикалық ауыл олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
25–29 қарашада Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Аталған сайысқа мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қойшыбай Өркен математика пәні бойынша қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген оқушылар арасынан үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орын иегері атанды.
Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Нұржігіт Нұрболат.
Оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Шығар шыңдарыңыз биік болсын!💐