Мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларын «Dental Spa» стоматологиялық орталығына экскурсияға барып, медицина саласының мамандықтарымен танысты.
✅ Экскурсия барысында:
- Орталық мамандары стоматолог, ортодонт, тіс дәрігері-хирург, тіс технигі мамандықтарының қыр-сыры туралы ақпарат берді.
- Оқушылар заманауи стоматологиялық құрылғылармен, емдеу әдістерімен танысты.
- Дәрігерлер тіс күтімі мен ауыз қуысының денсаулығы туралы пайдалы кеңестер берді.
- Оқушыларға медицина саласындағы мамандықтардың маңыздылығы түсіндірілді.
- Экскурсия оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.
🔹 Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға медицина саласының мамандықтарын жан-жақты таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауға көмектесу.