2024 жылдың 16 қарашасы Ақтау қаласында ең ірі халықаралық білім көрмесі өткізілді.
Көрмеге мектебіміздің 8-11 сыныптарының оқушылары қатысты. «Compass education» бағдарламасы бойынша оқушыларға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швейцария, Чехия, Түркия, Малайзия, Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндері туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Көрмеде гранттар мен жеңілдіктер, қолжетімді гранттар, шәкіртақылар мен студенттерге арналған арнайы ұсыныстар, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін оқу бағдарламалары туралы айтылды. Сонымен қатар жетекші университеттердің өкілдерімен кездесу қолжетімді болды.

