ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР🏆
Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,
Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң.
©️Жүсіпбек Аймауытов
СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!✨
2024 жылдың 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушы Ақшұқыр мектеп-гимназиясының дарындары бірнеше кезеңді артқа тастап, жүлделі орынға ие болды.
🏆Соның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ағылшын тілі пәнінен қатысқан мектебіміздің 11-сынып оқушысы Асатулла Диас әр өңірден жиналған қатысушылар арасында топ жарып, жүлделі 1-орын иегері атанды.
Облыс намысын қорғаған қатысушылар арасында Диас оқушымыз ең жоғары ұпай жинап, дарындылар арасынан дара шауып, облыс бойынша 100% оқу грантын иеленіп, абсолютті түрде ЧЕМПИОН болды.
Асатулла Диас еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Сүлеймен Демирел университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болып, грант жеңіп алды.
Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Сабитова Гаухар.
Сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан мектебіміздің 11-сынып оқушысы Нугман Бекбол ерекше жетістігі үшін арнайы грамотамен марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Конебаева Бальзия.
Оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығар шыңдарыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын!💐
@tupkaragan_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@oqu_agartu_ministrligi
