Skip to content

Ауған соғысы жүректерге жара салды

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Молдагалиев Үсенғалидің ұйымдастыруымен “Ауған соғысы жүректерге жара салды” атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Аталған кездесуге Садыков Зинадин Базарбекович және Дүйсенбаев Серік Исаханович арнайы шақырылды.
Олар өз сөзінде ауған соғысының тарихы жайлы баяндады. Сонымен қатар оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтуға, патриот болуға шақырды.
Оқушыларымыз кездесу барысында ардагерлерге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптарын алды.

Фото

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *