Skip to content

Алтын күз – 2024

Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, олардың білімге, өнерге құштарлығын арттыру, сынып арасында бірігіп жұмыс жасау қабілеттерін дамыту мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында “Алтын күз – 2024” байқауы өткізілді.
Аталған байқауда әр сыныптың намысын қорғауға шыққан жұптар таныстыру, өнер көрсету, сән үлгісі сияқты бірнеше кезең бойынша бақтарын сынады.
Байқауға қатысушы жұптарымыздың бәрі де бірінен бірі өткен креативті идеяларымен көрермендерді таңдандырмай қоймады. Қиялдарына ерік берген оқушыларымыз тақырыпқа байланысты берілген тағам түрін дайындау кезеңінде де, өнер көрсетуде де барын салып, ерекше композициялар ұсынды.

Күзгі кештің ханзадасы мен ханшайымын таңдауда әділ бағаларын берген қазылар алқасының шешімі төмендегідей қорытындыланды:
🏆Бас жүлде – 10”Ә” сынып оқушылары Өмірзақ Әлихан мен Қазбек Мадина;
🥇І орын – 10”А” сынып оқушылары Өмірбекұлы Ернар мен Назарова Диана;
🥈ІІ орын – 10”Б” сынып оқушылары Тұрарбай Санжар мен Таңатар Дана;
🥉ІІІ орын – 9”В” сынып оқушылары Жетібай Әл-Фараби мен Дабылова Әсем.
Сонымен қатар ерекше өнерімен көзге түскен жұптарымызға арнайы марапаттар табысталды.

Барша жүлдегер қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!💐

Фото

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *