Мен, Ақыпова Гульнар Советбекқызы, 1963 жылы 24 желтоқсанда Семей
қаласында дүниеге келдім.
1971-1981жж. Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Қарақұм совхозы, Карл Маркс атындағы орта мектебінде білім алдым.
1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Абай
атындағы педагогикалық университетінде «Биология пәнінің мұғалімі»
мамандығы бойынша бітіріп, 1989 жылы еңбек жолымды методист қызметінен бастадым.
1991 жылдан бастап биология, валеология, өзін-өзі тану пәндерінен бірінші санатты ұстазы қызметін атқардым. Осы жылдар аралығында оқушыларым аудандық, облыстық, республикалық пәндік байқауларда жүлделі орындарды алды, ғылыми жұмыстарға қатысты, мемлекеттік грант иегерлері атанды. Ұстаздық саланы таңдап қызмет етіп жүрген шәкірттерім де ізімді жалғастырып келеді.
Қазіргі таңда Ақшұқыр мектеп-гимназиясында ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Жетістіктерімді ескере отырып, ұстаздар мейрамы қарсаңында “Еңбек ардагері” медаліне лайық көрген облыстық білім басқармасына, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев мырзаға өз алғысымды білдіремін.