Skip to content

“Адал еңбек – адал табыс” атты Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты

Мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Адал еңбек – адал табыс» атты Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты мен колледждердің көрмесіне қатысты.

Шара барысында оқушылар түрлі кәсіптік білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесіп, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарымен танысты. Колледждер оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері және болашақ еңбек нарығындағы перспективалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Бұл іс-шара оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуға, еңбек пен кәсібиліктің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *