Мектебімізде ағылшын тілі пәні мұғалімі Сабитова Гаухар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, олардың менторлық дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағыт беру мақсатында “Ата-ана – балаға алғашқы ментор” тақырыбында менторинг өткізді.
Аталған тренингке 4–5-сынып бойынша 20 ата-ана қатысты. Іс-шара интерактивті форматта өткізіліп, қатысушылар белсенді түрде ой бөлісті.
Тренинг барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
✅Ментор деген кім?
✅Ментор болу неге маңызды?
✅Бала бойындағы көшбасшылық қабілеттерді қалайдамытуға болады?
Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Менторинг» жобасының алдағы мақсаты мен жоспарланған іс-шаралары таныстырылды.