Talimger жобасымен келген жоба өкілі — Сисенов Әбілхайыр Әділханұлы мектеп басшысымен кездесіп, жобаның мазмұны, мақсаттары және бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, ықтимал ортақ жоспарлар талқыланып, бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылды.
🟡 Ақшұқыр мектеп-гимназиясы Talimger жобасының тірек мектептерінің бірі ретінде белгіленіп отыр. Алдағы уақытта осы мектеп базасында жобаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру, оқушыларға кәсіби бағдар беру және түрлі инновациялық іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
🤝 Бұл кездесу – нәтижелі серіктестіктің бастауы ғана емес, сонымен қатар оқушылар үшін тың мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам болды.
