Skip to content

«Ақшұқыр мектеп-гимназиясы» КММ атқарылған әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік жоспарға сәйкес мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру мақсатында, қолдау көрсету негізінде әдістемелік көмек іске асырылып отырды. Мектебіміздегі мұғалімдердің шығармашылығын шыңдап, шеберліктерін арттыру, сабақта қолданылатын тиімді әдіс тәсілдерді қолдану мақсатында әдістемелік көмек беріліп, мектепішілік түрлі семинарлар, коучтар мен шеберлік сағаттары өткізілді.  Заман талабына сай заманауи платформаларды сабақта қолдану, қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құрастыру, БЖБ, ТЖБ дайындау жолдарын түсіндіру, авторлықты жазу жолдарын үйрету мақсатында семинарлар ұйымдастырылған болатын.

Қазан айында мұғалімдерге арналған «Kahoot, Word woll,  Googlе формаларын  сабақ барысында тиімді қолдану» атты оқыту семинары өтті.  Оқыту семинарының мақсаты: ұстаздарға қолдау көрсете отырып, АКТ-ны қолдануда тиімді формалар ұсыну еді. Соңғы технологияларды мақсатқа сай қолдана алу үшін көмек көрсету болды.

Осыған орай, мектептің бейін ісі жөніндегі орынбасары В.Алдабергенова «Word woll», информатика пәні мұғалімі Оңайбай Гүлнұр «Kahoot», жас маман Көнебаева Балзия «Googlе формасы» программалары арқылы сабақты қызықты өткізу әдіс-тәсілдерін үйретті. Ұстаздарға аккаунт арқылы тіркелуден бастап, тапсырма жасау, әр түрлі ойын түрінде, тест түрінде орындылысының жүйесі көрсетілді. Мұғалімдер осы осы әдісті үйретушілермен бірге жұмыс жасап, тапсырма дайындап көрді.

Қазан айында әдіскер Алдабергенова Венераның ұйымдастыруымен «Сабақта  табысқа  жетуге  жағдай  туғызу  тәсілдері» атты жас мамандарға арналған коучинг сабақ өткізілді. Коучингтің мақсаты: Жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында, сабақтағы табысқа жету тәсілдерін түсіндіре отырып, педагогтік қабілетін дамыту.

Осыған орай, жас мамандарға тапсырма беріліп, сабақ жүргізілді. Сабақ топқа бөлуден басталды. «Адам бейнесі» әдісі арқылы әр оқушының қабылдау деңгейі әртүрлі екені түсіндірілді. «Қарындаштың бес қыры» тақырыбында мұғалімнің бес қырын ашуға және соны өздерінің бойындағы қабілеттерімен салыстыруға тапсырма берілді. «Галереяға саяхат» әдісі арқылы сабақты бкіту берілді. Рефлексия алынып, коучингті аяқтадық.

Қазан айында“Canva және Chat GPT” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көнебаева Б.А және бастауыш сынып мұғалімі Ағдал Ж шеберлік сағатын өткізді. Жасанды интеллекттердің тиімділігін, қолдану тәсілдерін түсіндіріп, практикалық түрде көрсетті. Шеберлік сағатының мақсаты

1-тоқсандағы күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында әдістемелік жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Елеусинова Ж өткізген «Авторлық бағдарламаны жүзеге асыру» тақырыбындағы шеберлік сағаты. Мақсаты: қазіргі заман талабына сай әр педагогте болу керек әдістемелік құрал мен авторлық бағдарламаны жазу жолдарын түсіндіру.

Қаңтар  айында мектеп әдіскері Алдабергенова Венера  «Бағалаудың түрлері мен тәсілдері» атты семинар  сабақ өткізілді. Семинардың мақсаты: оқу мен оқыту үрдісінде сабақты тиімді жоспарлау, оқу әрекетін ұйымдастыруда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқу нәтижелерін түрлендіріп бағалау, оқушының сыни ойлауын дамыту, мұғалімдердің кәсіби білім, білік деңгейін арттыру болды.

Семинарда мұғалімдер сабақ барысында қолданылатын бағалаудың жаңа түрлері мен танысып, оны қолдану мақаты мен тәсілдері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар семинар сабаққа қатысушы мұғалімдер бір-бірімен өзара пікір алмасып, өздерінің сабақ барысында қолданатын бағалаудың түрлерімен танысты.

Қаңтар  айының 5 жұлдызы күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекболатқызы Арай мен  әдіскері Алдабергенова Венера  «БЖБ,ТЖБ құрастыру» тақырыбында коуч-тренинг өткізді. Мұғалімдерді оқытуды ары қарай жетілдіру үшін алынған жұмыстарын талдау, қорытынды жасау және шешім шығару тәсілдері мен құралдарын бірлесе анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында мұғалімдерге критериалды бағалау жүйесінің  мазмұны реттелетін әдістемелік-нұсқаулық құжаттарға шолу, жиынтық бағалау нәтижелерін тиімді талдаудың жолдары, жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтерді жинақтау жайында ақпараттар берілді.

Әдістемелік жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Исаева Ж “Логикалық есептерді шығару” атты шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатының мақсаты: жас педагогтерге логикалық есепті шебер, оңай жолмен білім алушыларға түсіндіру жолдары ұсынылды. Ұстаздар өте белсенді қатысып, практикалық жұмыс арқылы логикалық есептерді тез шығару жолдарын үйренді.

Күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында әдістемелік жоспарға сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адамбаева Г тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандарға «Орта білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудағы әдістемелік жұмыстың маңыздылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Әдістемелік көмектің қорытындысы, бұл оқыту процесін жақсарту және педагогикалық тәжірибені тиімді пайдалану мақсатында көрсетілген қолдау мен ұсыныстар. Мұғалімдерге оқу бағдарламасын орындау, оқушылардың білім сапасын арттыру және инновациялық оқыту әдістерін енгізу үшін маңызды рөл атқарады. Әдістемелік көмек мұғалімдерге сабақ беру әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі мен дағдылары артады. Мұғалімдер жаңа технологияларды тиімді пайдалану туралы ұсыныстар ала алады, бұл оқушыларды қызықтырып, оқу процесін жеңілдетеді. Оқушыларға арналған оқу жоспарын түзетуге, оқыту бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік көмек білім беру сапасын арттырады. Мұғалімдердің кәсіби дамуына әсер етіп, оларға жаңа жетістіктерге жету үшін мотивация береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *