Бүгін мектебімізде “Болашақ” Каспий өңірінің колледжінің мамандары 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында оқушыларға Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық мамандықтарға тегін оқуға мүмкіндік бар екені түсіндірілді.
Колледж өкілдері сұранысқа ие мамандықтар, оқыту бағдарламалары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, техникалық білімнің маңыздылығы жайында жан-жақты мағлұмат алды.
🔹 Техникалық мамандықтар – тұрақты жұмыстың кепілі!
🔹 Тегін оқуға мүмкіндігіңді жіберіп алма!
📌 Толық ақпарат алу үшін колледждің ресми парақшаларына немесе қабылдау комиссиясына хабарласуға болады.