Мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «Мамандық әлемі» атты қызықты ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар әртүрлі кәсіп түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктерін анықтады. Тапсырмалар арқылы болашақ мамандықтарға қызығушылықтарын арттырып, өздерінің қабілеттерін сынап көрді.
🌟 Ойынның мақсаты – оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, болашақта өз бағыттарын дұрыс таңдауға көмектесу.
💡 Шара өте қызықты әрі танымды өтті! Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
🔎 Болашақ мамандықты таңдау – бүгіннен басталады!