Skip to content

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Шебер қолдар» сайысы өтті

9-сынып оқушылары арасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспарына сәйкес «Шебер қолдар» өмірлік дағдылар сайысы ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қолөнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Сайыс барысында қыздар өздерінің тігіншілік шеберліктерін көрсетіп, сәнді және қолжетімді сөмкелер тікті. Қатысушылар түрлі маталар мен әшекейлерді пайдаланып, ерекше дизайндағы бұйымдар дайындады.

Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

🔹 Бұл сайыс қыздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, тігін өнеріне деген қызығушылығын арттыруға және өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *