Мектебіміздің 1-сынып оқушыларына «Мамандықты тап» атты қызықты ойын өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – балаларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық әлемімен таныстыру.
🔹 Ойын барысында оқушыларға түрлі мамандық иелерінің киімдері мен құралдары көрсетіліп, олардың атауын дұрыс табу тапсырмасы берілді. Сонымен қатар, әр мамандықтың қызметі туралы қысқаша мәлімет айтылып, қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
✨ Шара өте қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Балалар белсенділік танытып, ойын арқылы жаңа білім алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын оятады.