Skip to content

«Кәсіптер әлемі» сурет байқауы өтті! 🎨👩‍🎨👨‍🎨

3-сынып оқушыларының ерте жастан мамандыққа бағыт-бағдар алуына ықпал ету мақсатында мектебімізде «Кәсіптер әлемі» атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды.

Балалар түрлі мамандықтарды қиялмен бейнелеп, өз армандарын қағаз бетіне түсірді. Әсем бояулармен көмкерілген суреттерден әр баланың қызығушылығы мен болашаққа деген ұмтылысын аңғаруға болады.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, шығармашылықтары жоғары бағаланды!

Осындай игі шаралар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, мамандық таңдауына бағыт береді. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 👏👏👏

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *