«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа логотип, брендбук және слогандар әзірленді. Бұл жаңа бренд идентификациясы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын дәріптеп, еңбекке деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру мақсатында жасалды.
Брендбук “Жұмысшы мамандықтар жылы” бастамасының визуалды бірегейлігін қалыптастыруға арналған. Ол логотип, түстер палитрасы, графикалық элементтер және брендті дұрыс қолдану ережелерін қамтиды.
Логотипте мықты қол мен бірнеше құрал (кілт, балға, қылқалам, стетоскоп, дәнекерлеу аппараты) бейнеленген. Бұл еңбек пен түрлі мамандықтардың бірлігін көрсетеді. Логотип көк, алтын, қызыл және сұр түстерде орындалған, бұл тұрақтылық, даму, еңбек пен индустрияны білдіреді.