📌 Кәсіптік бағдар беру жұмысының қорытындысы
2023-2024 оқу жылында мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан 40 түлектің 39-ы ҰБТ тапсырып, 34-і мемлекеттік грантқа өтініш тапсырған болатын. 27 түлегіміз мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде 13 түлек жалпы грант, 14 түлек нысаналы грант иегері атанды. Сонымен қатар 2 түлегіміз әкімдік грант, 1 түлегіміз ішкі грант иегері атанды. Оқу жылын қорытындылай келе 30 оқушымыз грант иегері атанып, үлкен өмірге қадам басты.
🎓 Нәтижелер:
✅ Жалпы түлек саны – 40
✅ Грантқа түскендер – 30
✅ Жоғары оқу орындарына түскендер – 39
✅ Колледжге түскендер – 1
✅ Жалпы грант – 13
✅ Нысаналы грант – 14
✅ Әкімдік грант – 2
✅ Ішкі грант – 1
🔹 Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының маңызы
Мектепте кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледж өкілдерімен кездесулер, мамандықтар туралы ақпараттық сағаттар, жеке кеңестер ұйымдастырылды. Түлектерге мамандық таңдауда қолдау көрсетіліп, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
📢 Қорытынды:
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде түлектердің басым бөлігі жоғары білім алуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта мектеп бітіруші сынып оқушыларымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.