Skip to content

Мектептегі мамандықтар әлемі тақырыбында экскурсия

Мектебіміздің 1-сынып оқушыларына «Мектептегі мамандықтар әлемі» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстырып, олардың қызметі туралы мағлұмат беру.
Экскурсия барысында оқушылар дефектолог, әлеуметтік педагог, аспазшы, кітапханашы, мұрағатшы мамандықтарының қыр-сырын зерттеп, олардың мектептегі рөлін түсінді. Мамандар балаларға өз жұмыстары туралы қызықты ақпараттар беріп, тәжірибелік жұмыстар көрсетті.
Дефектолог маманы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен қалай жұмыс істейтінін түсіндірсе, Әлеуметтік педагог оқушыларға қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты. Аспазшы мектеп асханасында тағамның қалай дайындалатынын көрсетіп, ас мәзірімен таныстырды. Кітапханашы кітаптарды реттеу, оқушыларға қажетті әдебиеттерді табу жұмыстары туралы әңгімелесе, мұрағатшы маңызды құжаттарды сақтау және оларды реттеу үдерісімен таныстырды.
Бұл экскурсия оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың болашақта мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді. Іс-шара соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ұнаған мамандық туралы ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *