Маңғыстау облысының әкімдігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бастамасымен 11-сынып оқушыларына өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі туралы көбірек ақпарат білуге мүмкіндік беру, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға әсер ету және техникалық мамандықтарға басымдық беру мақсатында, 2023 жылғы 23 қазан күні Ақтау қаласындағы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ және «KazAzot» АҚ кәсіпорындарында кәсіптік бағдарлау турлары ұйымдастырылды.
Бағдарламаға сәйкес, оқушыларға аталған өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Ақтау қаласының көрікті жерлері бойынша экскурсия ұйымдастырылып, кәсіптік бағыт бағдар беру ойыны өткізілді.
Оқушыларымыз мамандық таңдау туралы көптеген ақпараттар алып, болашақ мамандығын таңдауға септігін тигізді.
Тур барысында балалар тамақтанумен және елді мекендердегі жиналу орнынан Ақтау қаласына және кері бағытта автобус трансферімен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ балалардың елді мекендердегі жиналу орнынан Ақтау қаласына келуін және кері қайтуын ұйымдастыру үшін автобустарды жол полициясы көлігімен сүйемелдеуге жәрдем көрсетілді.

