Skip to content

Біртұтас ел – Біртұтас жер

Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мектебімізде «Біртұтас ел – Біртұтас жер» тақырыбында кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында әскери мамандықтардың маңыздылығы, олардың қоғамдағы рөлі және болашаққа берер мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Кездесу барысында оқушылар әскери қызметтің қыр-сырымен танысып, сұрақтарына нақты жауап алды. Шара оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.

Мектебіміз осындай маңызды кездесулердің өткізілуіне әрдайым қолдау білдіреді! 🚀🇰🇿

Түпқараған #ӘскериМамандық #КәсіптікБағдар #БіртұтасЕл #БолашаққаБағыт

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *