Skip to content

11-сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауда қолдау көрсету мақсатында жеке кеңес беру ұйымдастырылды

2024 жылдың 21-ші қыркүйек мектебімізде 11-сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауда қолдау көрсету мақсатында жеке кеңес беру ұйымдастырылды. Кеңес беру барысында оқушылардың таңдаған пәндеріне сәйкес қолжетімді мамандықтар, мемлекеттік гранттар саны мен түрлері, шекті балл талаптары және жоғары оқу орындарын таңдау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандық таңдау, гранттық мүмкіндіктер және ЖОО-ға түсу стратегиясы бойынша маңызды ақпараттарға қол жеткізді. Бұл шара түлектердің дұрыс таңдау жасауына, болашақ кәсіби бағытын айқындауына және білім алу мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға септігін тигізді.
Мектеп ұжымы түлектерге қолдау көрсетуді жалғастырып, оларды жан-жақты ақпараттандыру мақсатында осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *