15 қараша күні мектебіміздің 11-сынып оқушыларына «EDUCON» оқу орталығының ұйымдастыруымен жыл бойы алынатын сынама тестті таныстыру және кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында маманмен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға сынама тесттің маңыздылығы, ҰБТ-ға тиімді дайындық жолдары және болашақ мамандық таңдау бойынша маңызды ақпараттар берілді. «EDUCON» оқу орталығының өкілдері өздерінің ақысыз дайындық курсы туралы мәлімет ұсынып, нәтижесінде мектебіміздің 11-сыныбынан 10 оқушы бұл бағдарламаға ақысыз оқуға тіркелді.
Бұл шара оқушылардың білім деңгейін арттыруға және болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен мүмкіндік берді. Мектеп ұжымы оқушыларға қолдау көрсетіп, оларды осындай пайдалы жобаларға қатысуға ынталандыруды жалғастырады.

