Skip to content

” Профи TIME: балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады?”

2025 жылдың қаңтар айында мектебімізде 10-сынып жетекшілері Ж.Кадырова мен А.Саурбаева және профориентолог маман Ә.Сисеновтың ұйымдастыруымен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында ” Профи TIME: балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады?” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарға балалардың болашақ мамандық таңдауына қолдау көрсету және олардың әлеуетін ашуға бағытталған тиімді тәсілдермен таныстыру. Кездесу барысында балалардың жеке қабілеттерін анықтау, кәсіби бағдар беру, және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Ә.Сисенов кәсіби бағдар берудің маңыздылығы туралы баяндама жасап, ата-аналарға пайдалы кеңестер ұсынды. Сондай-ақ, Ж.Кадырова мен А.Саурбаева оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру жолдары мен эмоционалдық қолдау көрсетудің әдістері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Жиналыс интерактивті форматта өтіп, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл кездесу ата-аналардың балаларын түсініп, оларды қолдау арқылы болашаққа сенімді қадам жасауға көмектесуіне үлкен ықпалын тигізді.
Мектеп ұжымы ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты жалғастырып, осындай маңызды кездесулерді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *