Skip to content

«Әскери мамандық – лайықты таңдау»

2024 жылдың қазан айында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында «Әскери мамандық – лайықты таңдау» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара оқушыларға әскери мамандықтардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін тереңірек түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлімдердің қызметімен танысты. Олар әскери қызметкерлердің күнделікті өмірі мен міндеттері, техника мен қару-жарақ түрлері, әскери жаттығулар мен тәртіп ережелері туралы ақпарат алды. Әскери қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында болашақ әскери мамандықтардың артықшылықтары мен талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әскери жоғары оқу орындарына түсу жолдары, олардың оқыту жүйесі мен артықшылықтары жөнінде ақпарат берілді.
Оқушылар үшін бұл экскурсия тек қана болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға көмектесіп қана қоймай, патриоттық тәрбие мен Отан алдындағы жауапкершілікті тереңірек ұғынуға үлкен әсер етті.
Іс-шара соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, әскери мамандыққа қызығушылық танытқандар да болды. Мұндай экскурсиялардың оқушылардың болашағына оң ықпал ететіндігіне сеніміміз мол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *