Маңғыстау облысы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай облыстық салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада білім беру саласында қызмет етіп жүрген педагогтерге арнайы марапаттар мен төсбелгілер табысталды.
Соның ішінде “Ақшұқыр мектеп-гимназиясы” КММ-нің биология пәні мұғалімі Акыпова Гульнар Советбековна білім беру саласының “Еңбек ардагері” атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы төсбелгісіне ие болды.
Ұстазымызды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз!