16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында тәлімгер Ізтелеуова Диананың ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушыларын бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» жастар ұйымына қабылдау шарасы өткізілді.
Аталған шара барысында оқушылар салтанатты түрде табиғатты аялауға, Отанын қадірлеуге, елдің абыройын асқақтатуға және әрдайым үлгілі оқушы болуға ант берді.
Ұйым мүшелігіне 2-4 сынып және 5-10 сынып аралығында оқитын оқушыларымыз қабылданды.